Көшпенділер ойындарында теңге ілуден үш спортшы қатысады

Теңге ілуден ұлттық құрама 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр. Жиын Алматы облысы, Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында өтуде, деп жазады Qazaqstan Media.

Көшпенділер ойындарына Қазақстан атынан үш спортшы қатысатын болды. Еліміздің ең үздік теңге ілушілері 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында өз бақтарын сынайды. 5 тамыз басталған оқу-жаттығу жиыны 10 тамызға дейін созылады.

Ойындар алдындағы соңғы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізіледі.

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында теңге ілу бойынша жарыстар 11-13 қыркүйек аралығында Этноауыл аумағында өтеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 82 жеке тұлға банкрот деп танылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x