Петропавлдық көпбалалы отбасы Павел мен Татьяна Култышевтардың отбасында 19-шы сәби дүниеге келді. Ерлі-зайыптылардың 10 ұлы мен 9 қызы бар, деп жазады Qazaqstan Media.
43 жастағы Татьяна Култышева алтыншы тамызда қыз босанды.
Қазіргі кезде ана мен баланың жағдайы тұрақты. Отағасы босану барысында келіншегіне демеу болып, қасында болған. Баланың салмағы 4250 грамм және бойы 56 сантиметр.
Айта кетейік, Павел мен Татьяна ең көпбалалы отбасы саналады. 18-ші баласын Татьяна Култышева 2022 жылдың шілде айында туған болатын. Ал тұңғышын 20 жасында босаныпты.
Отбасының үлкен қызы Иннаның жасы қазір 23-те, оның өзінің жанұясы, балалары бар. Ал үлкен ұлдары Владимир — 20 жаста.
Тағы оқыңыз: Аударыспақтан ел құрамасы Көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр