V-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен қатысатын спортышлар анықталады

Балуандар Көшпенділер ойындарына қызу дайындық жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері ұлттық құрама спортшыларының қатысуымен 4 оқу-жаттығу жиыны өтті. Енді олар қорытынды белдесулер өткізіп, үздіктерден ұлттық құраманы жасақтайтын болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Жылдың ең маңызды әрі ауқымды әлемдік спорттық шарасының басталуына бір айдай ғана уақыт қалды. Қазақ күресінен белдесіп, ел намысын қорғайтын балуандардың дайындығы қыза түсті. Олар оқу-жаттығу жұмыстарын Алматы қаласында екі мәрте, Грузия елінде және Қырғызстанда дайындықтарын жүргізді.

«Кезекті оқу-жаттығу шарасы тамыздың 1 мен 14-і аралығында Ақмола облысындағы Щучье қаласында өтеді. Бұл жиын барысында балуандарымыздың арасында қорытынды белдесулер өткізіліп, әр салмақтың үздігі анықталады.
Ал соңғы қорытынды оқу-жаттығу жиындары 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткізілді»,- деп жазылған баспасөз хабарламасында.

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ күресі бойынша жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 8-10 қыркүйек күндері өтеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бір күнде екі әйел саңырауқұлақтан уланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x