Есіл ауданында облыстық «Ақбидай» спартакиадасы басталды

Есіл ауданында дәстүрлі «Ақбидай» жазғы спартакиадасы басталды. Облыстың басты спорт додасында барлық аудандардан жиналған 1200 спортшы бақ сынайтын болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Ақбидай» ойыны Есіл ауданында 2010 жылы өткізілген екен. Араға жылдар салып, Явленка селосындағы стадионда жарыстың алауы қайта жанды. Спортшыларды айтулы мерекемен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, өңірдегі спорт саласындағы жаңалықтармен бөлісті.

«Спартакиада жаңадан өңделген Есіл стадионында өтіп жатыр. Қазіргі кезде облыста үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені, үстел теннисі орталығы, төрт хоккей кортының құрылысы жүріп жатыр. Келесі жылы тағы екі хоккей корты салынады. Олар Аққайың ауданы мен Уәлиханов аудандарында тұрғызылады.

Әр үлкен жеңіс, кіші жеңістерден басталатынын ұмытпау керекпіз. Әр кәсіби спорттың бастауы ауладағы спорттан басталады. Оған біздің облыстан шыққан атақты сплортшыларымыз дәлел. Бүгінгі ойынға қатысып жатқан спортшылардың арасынан да кәсіби, атақты спортшылар шығатынына сенімдімін. «Ақбидай» спартакидасына қатысушыларға сәттілік, жеңіс тілеймін»,-деді өңір жетекшісі.

Биылғы жазғы ойындарға облыстың барлық аудандарынан 1200 спортшы қатысуға ниет білдіріпті. Олар спорттың 13 түрінен сайысатын болады.

«Биылғы спорт додасына Есіл ауданынан 125 спортшы қатысып жатыр. Біздің қыз-жігіттер спартакиада бағдарламасында бар спорттың барлық түрінен жарыс жолына шығады. Ойындар күрделі жөндеуден өткен стадионда және былтыр ашылған дене шынықтыру-сауықтыру орталығында өтіп жатыр. Биылғы «Ақбидай» ойындарының бізде ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымыз»,- дейді Есіл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жетекшісі Жеңіс Кемелов.

 

Жыл сайын ұйымдастырылатын облыстың басты спорттық додасына әр аудан іріктеуден сүрінбей өткен  қыз-жігіттерді әкеледі. 28-ші жазғы спартакиадаға есілдік футболшылар да жақсы дайындалған. Олар бірінші ойында Ғ.Мүсірепов ауданының футболшыларымен кездескен. Есеп 2:1. Есілдіктер келесі айналымға өтіп, енді Тимирязев ауданының жігіттерімен бақ таластырады.

«Бірінші ойын Покровка ауылында болды. Жауын болғасын ойнау қиындау болды. Ертең Явленкадағы стадионда ойнаймыз. Мен өзім, Ақбидай ойындарын тағатсыздана күттім. Осыдан 13 жыл бұрын болғанда оқушы едім. Онда қатыса алмадым, жанкүйер болдым. Биыл аудан намысын қорғауға барымды саламын. Біздің құрама мықты. Бірақ, қарсыластар да осал емес. Мен өзім сол қапталдағы жартылай қорғаушымын. Командамыздағы әр ойыншы өз ісінің шебері»,- деп өз ойымен, алған әсерімен бөлісті Есіл ауданының футбол құрамасының ойыншысы Артем Антонюк.

Тағы оқыңыз: Петропавл жастары республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x