Петропавлда биыл 100 жаңа жылы аялдама пайда болады

Петропавлда биыл 100 жаңа аялдама салынатын болады. Олар осыған дейін қолданыста болған шыны аялдамалардай емес, жабық әрі жылы болмақ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қала әкімімен ұйымдастырылған тікелей эфирге қала тұрғындары да келді. Олар өз сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды. Шаһар басшысына бірнеше мәселемен келген қала тұрғыны Алексей Маркелов облыс орталығындағы аялдамалардың жағдайына алаңдаулы екенін айтты.

«Көше бойындағы шыны аялдамалар тұрғындарға ыңғайсыз, оның үстіне жиі сына береді. Оларды орнатқан кезде, берік шыныдан жасалған, оны қирату мүмкін емес деген болатын. Алайда уақыт оның қаншалықты «берік» екендігін көрсетті», — деді қала тұрғыны.

Серік Мұхамедиев аялдамалардың жағдайымен жақсы таныс екендігін жеткізді. Айтуынша, биыл Петропавлда жаңа 100 аялдама пайда болады. Ол үшін қазіргі кезде қаражат қарастырылып қойған. Жоба жыл соңына дейін жүзеге асырылатын болады.

«Біз аялдамаларды қалай, кімдер сындырғанын бейнебақылау камералары арқылы көріп отырамыз. Жазалаймыз. Біз биыл 100 жаңа аялдама орнатуды жоспарлап отырмыз. Оған қаражат қарастырылды. Бірақ байқау жұмыстары қиындық тудырып отыр. Жаңа аялдамалар шыныдан болмайды. Олар жабық әрі жылы болмақ. Оған қоса, мен аялдамаларды кәсіпкерлерге басқаруды ұсынып отырмын. Олар сол аялдамадарда коммерциялық жобасын жүзеге асыра алады. Аталмыш жоба бойынша ережелерді қарастырып, бекітеміз», — деп нақты жауап берді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Тағы оқыңыз: Қалдықтар қайта өңделеді: Петропавлда жаңа қоқыс полигоны салынады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x