СҚО-да тасқын кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы ала бастады

Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 140 кәсіпкер зардап шекті деген ақпарат бар.  Бұл аймақтық комиссияға жүгінген немесе өтемақы алуға ниет білдіргендердің саны. Қазір бизнес өкілдері судан келген залал үшін өтемақыларын ала бастады, деп жазады Qazaqstan Media.

23 шілдеде біздің облыс кәсіпкерлердің тоғыз өтінімі бойынша өтемақы төлеуге 90 млн.теңге көлемінде алғашқы транш алды. Ақша зардап шеккендердің шоттарына түскен.

«Бүгінгі таңда біз 2 млрд. теңгеден астам сомаға 99 өтінімді қарадық, оның ішінде 900 млн.теңгеге жуық залал сомасына 41 өтінімді мақұлдадық. Қалғандары бойынша комиссия құжаттардың толық болмауына байланысты бас тартты не өтінімдер басқа комиссия шешім қабылдайтын АӨК субъектілерінен келіп түсті»,- деп атап өтті регкомиссия мүшесі, СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин. 

Бұл ретте ол республикалық бюджеттен қаражат бөлу өңірлерден құжаттардың толық пакетін ұсыну шамасына қарай жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңірлік комиссияға өтінім бермеген бизнес субъектілеріне қоңырау шалу бойынша жұмыс жүргізіп, тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер берді. Кәсіпкерлерден өтінім беруді жеделдетуді сұраймыз», — дейді Есжан Оразалин.

Тағы оқыңыз: «Оқымай-ақ жетістікке жету ұғымы трендте»: Қазақстанда жоғары білімі бар жастар азайған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x