Тайынша ауданының тұрғыны таныстарынан 140 млн теңгегі алдап алған

Облыстық Полиция қызметкерлері Тайынша ауданының 30 жастағы тұрғынын алаяқтықтықтың 16 фактісіне қатысы бар деген күтікпен ұстады. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицияға Тайынша ауданының тұрғындары арызданған. Айтуларынша, олардың ортақ танысы 2022 жылдың жазынан 2024 жылдың мамырына дейінгі аралықта несиеге ақша алдырып, оны алдап иемденген. Күдікті барлық жағдайда таныстарына өзін ауыл шаруашылығы саласында ірі бизнесі бар екенін айтып, әр түрлі сылтаулармен оның дамуына несие алып беруді сұраған. Адамдар оның айтқанына сеніп, банктердің мобильді қосымшалары арқылы несие алып берген, кейін сол ақшаны күдікті көрсеткен шотқа аударған. Бірақ уақыт өте келе ер адам ақшаны қайтармаған. Бұрын сотталмаған ер адам осылайша ауылдастарынан алаяқтық жолмен 140 миллион теңгені алған.

«СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған күдіктінің алаяқтықтың басқа ұқсас эпизодтарына қатысы бар болуы мүмкін», — деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының м.а. Мадияр Харипов.

Тағы оқыңыз:Петропавлда қазақ күресінен республикалық турнир өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x