Петропавлда қазақ күресінен республикалық турнир өтті

Петропавлда  қазақ күресінен «Бейбіт күннің батырлары» атты республикалық турнир басталды.  Жарыс қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған.  Спорттық сайыста 14 командадан келген  100-ден астам спортшы бақ сынасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Турнирдің ашылу салтанаты қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне 1 минуттық үнсіздіктен басталды. Спортшыларды облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев турнирдің ашылуымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Петропавлда қазақ күресінен республикалық турнир өтті

 

«Биыл олбысымыз үшін қиын-қыстау кезеңде, су тасқынының зардаптарын жоюға құтқарушылар баға жетпес көмек көрсетті. Құтқарушылар қоқысты тазалап, зардап шеккендерге көмек көрсетті. Құтқарушылардың еңбегі ерен. Бүгінгі сайыста да сіздерге сәттілік тілеймін», — деді облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

Ұйымдастырушылардың сөзінше бұл турнир –  «Қазақ күресін» халық арасында кеңінен насихаттау және азаматтық қорғау органдарының беделін көтеру мақсатында өткізіліп отыр.

Петропавлда қазақ күресінен республикалық турнир өтті

 «Бүгінгі турнирге еліміздің 14 облысынан және қалаларынан спортшылар келді. Соның ішінде төтенше жағдайлар департаментінің командалары, сондай-ақ турнирде бағын сынауға ниет білдірген барлық  азаматтар қатысып жатыр.  Жарыс 55кг салмақ дәрежесінен басталып, Түйе балуан категориясына дейінгі салмақ бойыншы өткелі отыр», — деді СҚО ТЖД қызметкері Марина Самойленко.

Республикалық турнир 2-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Тартысты додада спортшылар 9 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Соның бірі Қанат Өмірзақов. Ол қазақ күресінен облыстық жарыстардың жүлдегері және былтырғы турнирдің «Түйе балуан» салмағында екінші орынды иеленген.    

Петропавлда қазақ күресінен республикалық турнир өтті        

 «Өзіміздің департамент атынан күреске шығып отырмын. 100 келі  салмақта күресемін.  Осы жарысқа екінші рет қатысып жатырмын. Өткен жылы дәл осы салмақта екінші орын алғанмын. Финалда есе жіберіп қойдым. Осы жылы енді күресеміз деп ойлаймын. Қазақ күресіне оқушы кезімнен бері қатысып келе жатырмын. Ауылда күресетінбіз. Өзім Шал ақын ауданының тумасымын», — деді СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Қанат Өмірзақов.

2 күнге шақталған турнирдің  марапаттау рәсімі ертең сағат 12:00 -де өтеді. Жарыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен, медальдармен марапатталады

Тағы оқыңыз:Петропавлда білім ордалары қарақұмықтың келісін 700 тг сатып  алған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x