Қызылжар ауданындағы түзету мекемесінен қашып кеткен сотталушыға қатысты сот үкімі шықты

Қызылжар аудандық сотында Максим Ловыревқа қатысты сот үкімі шықты. Сотталушы жұмыс орнынан еш рұқсатсыз кетіп қалғанымен қатар, өзге біреудің көлігін ұрлап кеткен. Айыпталушыға өтелмеген жазасына тағы да, жаза қосылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Максим Ловырев солтүстік тумасы. Ол бұрын да заңға қайшы әрекет жасағаны үшін бірнеше рет сотталған. Айыпталушы түзету мекемесінде жазасын өтеп жүріп, Петропавлдағы «Даиржанов» ЖК жұмыс істеп жүрген. Алайда, 13 маусым күні 17:00 шамасында жұмыстан еш рұқсатсыз кетіп қалған. Облыс орталығындағы «Қарасай» стадионына дейін белгісіз көлікпен барып, ары қарай таксимен Зеленая 20 мекен-жайында тұратын өзінің азаматтық некедегі жарына барады. 14 маусым күні сағат 15:40 шамасында жедел-іздестіру шаралары аясында, мекеме қызметкерлері сотталушыны қолға түсірді.

«13 маусым күні Ловырев жұмыстан кейін түзету мекемесіне оралмағанымен қатар, кешкі сағат 23:00 шамасында масаң күйде Қызылжар ауданының Надежка ауылына барады. Кейінен сол ауылда Четвертая көшесі №13 үйдің жанында тұрған «Volkswagen Passat B3 Universal» көрігін ұрлап айдап кетеді. Алайда, Вознесенка ауылына жақын маңда сазға батып қалып, көлікті сол жерде тастап, жаяу кетеді», — делінген Қызылжар аудандық сотының үкімінде.

Сотта айыпталушы өз кәнісін толықтай мойындап, қатаң жаза қолданбауларын сұрады. Қызылжар аудандық сотының шешімімен заңсыз әрекеті үшін сотталушы Максим Ловыревке өтелмеген жазасына тағы жыл қосылып, жалпы үш жылға бас бостандығын айырылды.

Тағы оқыңыз:О.Бектенов әкімдіктерге бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер өтпесінің санын көбейтуді тапсырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x