Солтүстік Қазақстан бойынша 46 астық қабылдау орны бар. Олардың сыйымдылығы 3,2 млн. тоннаны құрайды. Ал, ауыл шаруашылығы құрылымын қоса алғанда, облыс бойынша 6,9 млн. тонна астықты қабылдайтын орын бар. Қазіргі кезде барлық нысандар жаңа өнімді қабылдау үшін дайындықтарын бастады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс бойынша 332 астық кептіргіш бар. Олардың өнімділігі сағатына 10,6 мың тонна. Бір астық кептіргіштің орташа қуаттылығы сағатына 32 тоннаға жетеді.
«Қазіргі уақытта облыстың астық қабылдау орындары жаңа егінді қабылдауға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Онда биылғы бидайды қабылдауға материалдық-техникалық базаны дайындау бойынша жыл сайынғы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар: технологиялық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Автомобиль және темір жол таразыларын, зертханалық жабдықтарды тексеру. Қойма және элеватор сыйымдылықтарын дайындау, оларды тазарту және зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу»,-деп нақтылады СҚО ауыл шаруашылығы басқармасыың баспасөз хатшысы.
Қазіргі уақытта астық қабылдау қоймаларының қазіргі дайындығы орташа есеппен 80-85% құрайды. Тамыздың 15-не қарай бұл жұмыстар толық аяқталмақ .
Тағы оқыңыз: СҚО-да қарсы қозғалыс жолағымен жүрген автобус жүргізушісі 6 ай көлік басқара алмайды