2025 жылы Қазақстанда ұлттық ауылшаруашылық санағын өткізу жоспарланған. Әдістемені тексеру мақсатында биыл елімізде тамыз айында пилоттық жоба іске қосылады. СҚО-да санақ Қызылжар ауданының Бескөл, Айыртау ауданының Сырымбет ауылында және Петропавл қаласында жүргізіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Пилоттық жоба аясында малы-құсы бар заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, қалалық жерлердегі саяжай тұрғындары арасында санақ өткізіледі. Облыс орталығында 500-ге жуық жеке үй мен саяжай учаскесі іріктеліп алынды. Сауалнама барысында тұрғындар мал басының, ауыл шаруашылығына байланысты әртүрлі құрылыстар, техникалар сонымен қатар егіс алқабындағы дақылдар жайлы мәлімет беруі тиіс. Айта кетейік оны құжат түрінде растау қажет емес.
«2024 жылғы 20 тамыздан 30 қыркүйекке дейін оn-line режимінде sanaq.gov.kz Web-порталында өтеді.Бұл қосымша арқылы «Ауыл шаруашылығы» қызмет түрін таңдап, барлық заңды тұлғалар, шаруа (феремер) қожалықтары және жеке меншік секторында тұратын немесе саяжай телімдері бар үй шаруашылықтары сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады. 2024 жылғы 20 тамыздан 3 қыркүйекке дейін интервьюерлер жеке сұрақ қою мақсатында, планшетті пайдаланып, жеке қосалқы шаруашылықтар мен саяжай телімдерін аралап шығады», — деді СҚО ұлттық статистика бюросы департаменті басшысының орынбасары Марал Нұржауыпова.
Тағы оқыңыз:Петропавл тұрғындары дайын құжаттарды тапсырыспен үйіне ала алады