Астанада шабандоздар шеруі өтті

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада 30-ға жуық шабандоз көшелермен жүріп өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сондай-ақ, шеруге тазы иттер де қатысты.  Шеруге қатысушылар «Барыс Арена» мұз сарайының жанына жиналып, Бұқар жырау, Түркістан, Орынбор, Ақмешіт, Достық, Қабанбай батыр даңғылы көшелерімен жүріп өтті.

Шеру Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жанында аяқталды.

«Мен қазақ дәстүрлерін насихаттаймын. Солардың бірі-менің жылқыларға деген сүйіспеншілігім. Осы іс-шарадан кейін мен қалаға атпен жиі шығамын деп ойлаймын. Бүгінде біздің мақсатымыз — қазақстандықтарды біздің мәдениетімізді, тарихымыз бен дәстүрлерімізді көрсететін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақыру. Осылайша, біз патриотизмді, спортшыларға қолдау көрсетеміз және Отанға деген сүйіспеншілігімізді көрсетеміз. Сонымен қатар, бұл ауқымды іс-шара қазақстандық туризмнің дамуына үлес қосады. Этномәдени код — бұл шетелдік туристерді шынымен қызықтыратын нәрсе. Мен бұл бағытта шағын және үлкен қадамдар жасауымыз керек деп санаймын», — деді шеруге қатысушы, Tengri Road саяхатшылар ат клубының негізін қалаушы Сағадат Темкенов.

Сағадат Темкенов шеру эстафетасын Жамбыл облысының өкілдеріне тапсырды. Ол ойындардың басталуына дейін әр өңірде осындай шабандоздар акциясын ұйымдастыруға шақырды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда  биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі білім ордасы қолданысқа беріледі  

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x