Солтүстік Қазақстанда «Челябі-Новосібір» бағытындағы тас жолының 535 шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысты. Қазір аталған факті бойынша процессуалды шешім қабылдау үшін материалдар жинап жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға 25-ші шілде күні Петропавлдан шыға беріс жолда екі машинаның қатысуымен болды. «Volkswagen» және «Toyota» маркілі жеңіл көліктер соқтығысып, салдарынан «Volkswagen көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Ал, екінші темір тұлпарды тізгіндеген жігіт медициналық көмектен бас тартты.
Екі ер адамнан да қан талдаулары алынды, алдын-ала болжам бойынша олар мас емес.
Аталған факті бойынша процессуалды шешім шығару үшін материалдар жиналып жатыр.
Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында тасқыннан зардап шеккендердің өтініштері қайта қаралып жатыр