СҚО-да пара беру мен алу туралы хабарлаған бес адамға сыйақы берілді

Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылы  бес адам сыбайлас жемқорлық туралы мүдделі органдарға хабарлап, мемлекет тарапынан ақшалай сыйақы алған. Бұл туралы СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Qazaqstan Media редакциясының ресми жолдаған сауалына берген жауабында айтты.

Пара  беру мен пара алу туралы  сыйбалас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған адамға заң аясында ақшалай сыйақы беріледі.  Мәселен, 2023 жылы өңірімізде бес адам жемқорлық фактісі туралы хабарлап, оларға 1 млн 106 мың 281 теңге төленген. Бұл ауыр қылмыстар бойынша.

«2024 жылы сыйақы алған азаматтар жоқ. 2023 жылдан бастап 2024 жылға дейін СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне ҚР қылмыстық кодексі аясында парақорлық жайында алты өтініш түсті.  Оның үшеуі орта ауыр, екеуі  аса ауыр емес, біреуі ауыр қылмысқа жатады.  Алты өтініштің екі фактісі ғана расталды»,- деп нақтылады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің СҚО бойынша департамент басшысының орынбасары  Есентұров.   

Жемқорлық жайында хабарлаған адамға сыйақы республикалық бюджет есебінен беріледі.  Бірақ, егер жалған  қаралау фактісі болса, онда қылмыстық іс  қозғалып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тағы оқыңыз: Ғ.Нұрмұхамбетов: су тасқыны жағдайына қарамастан облыс экономикасы тұрақты дамып келеді

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x