Петропавлдағы Мещан орманы саябаққа айналады

Петропавлда қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысы өтті. 15-ші сессияда облыс орталығының бюджетіне енгізілген өзгерістер мақұлданды. Сонымен қатар, Петропавлдағы Мещан   орманының қазіргі жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сессияда Петропавлдың алдағы екі  жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Биыл қалалық құрылыс бөліміне 212,3 млн. теңге қаражат бөлінбек. Бұл ақша инженерлік желілер мен  «Береке» ықшам ауданындағы құрылыс алаңын күзету, сондай-ақ еріген суды кетіруге арналған дренаждық жүйе құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жұмсалатын шығындарға жоспарланған.

«Санитарлық қызметке және су басқан аумақтардан қоқыс шығаруға бюджеттен 1 млрд 276,8 млн теңге бөлінеді. 1 млрд 50 млн теңге – Малая-  Батыр Баян көшелерінен Қазыбек Байбулов атындағы көшесіне дейінгі аралықты жөндеуге бөлінбек. Петропавлдағы аула аумақтарын абаттандыруға 129,5 млн.теңге, ал  40 млн қала жолдарының сапасын бақылаудың ақпараттық жүйесін жаңғыртуға бөлінетін болады», — деді Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жаслан Байқанов.

Сессияға қала әкімі Серік Мұхамедиев те қатысты. Шаһар басшысы Мещан орманы мәселесін көтерді. Ол орманға саябақ мәртебесін бергуді ұсынды. Осы мақсатта аталмыш ауданда тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде онда «Таза Қазақстан» экоакциясы өткен болатын.

«Осы тазалық  жұмыстарын аяқтап, Мещан орманын тазартып, саябақ мәртебесін берсек деймін.  Бұл демалуға  жақсы әрі ыңғайлы жер. Қазір орман қорындағы аумақтарды қала иелегіне берілді. Жыл соңына дейін бюджетті қарастыратын боламыз. Бірақ әзірге  қолда бармен жұмыс істеп жатырмыз», — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Тағы оқыңыз:Лудомандар диспансерлік есепке қойылмайды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x