МӘМС жүйесіндегі тексеріс: Шетелге көшіп кеткен азаматтарға дәрі-дәрмектерді ресімдеу фактілері анықталды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жүргізілген мемлекеттік аудиттің  қорытындысы шықты. Тексеріс  өңірлік филиалдарда да болды. Ол туралы   Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Расул Рахимовтың айтуынша, тексеру шаралары 13 ұйымға қатысты жүргізілді. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) 16,2 млн адам кіреді. Бұл ретте 12 млн адам үшін жарнаны мемлекет төлейді.  Оған қоса 2 млн жуық мемлекеттік қызметші, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері бар.

Нәтижесінде жеке шығыстарды (ақылы медицинаны) есептемегенде мемлекетке түсетін қаржылық жүктеме кем дегенде 76%-ды құрайды. Осыған байланысты аудиттің негізгі қорытындыларының бірі – азаматтардың ортақ жауапкершілігі есебінен мемлекетке түсетін жүктеме әлі де айтарлықтай төмендеген жоқ. Ұлттық қор қаражатының созылмалы игерілмеуі орын алып отыр. Аудит жүргізілетін кезеңде кепілдендірілген және нысаналы трансферттер шеңберінде 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда 13 млрд теңге немесе 26%-ы игерілмеген. Қор медициналық қызметтердің сапасын бақылауға тиісті назар аудармайды.

Сонымен қатар аудит барысында, медициналық қызметтерге қосарланған ақы төлеу фактілері анықталды.

Сонымен стационарлық көмек бойынша кем дегенде 1,7 млрд теңгеге, амбулаториялық көмек бойынша 27,6 млрд теңгеге қосарланған төлем фактілері анықталды. Қор тарапынан бұл бағытта мониторинг жүргізілмейді. Стоматологиялық клиникалардың қызметтеріне ӘМСҚ-дан қосарланған төлем жасалуы жеке бұзушылық ретінде анықталды. Медициналық сақтандыру тарифіне анестезияның құны енгізіліп қойған, бірақ стоматологиялар ол үшін қордан жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге қосымша ақы алған. Медициналық қызметтер мен тіркеулерге қосарланған ақы төлеу фактілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің ақпараттық жүйелерінің деректерін салыстыру нәтижесінде шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға дәрі-дәрмектерді ресімдеу фактілері анықталды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жол апатынан ауыр жарақат алған ер адам Ақмола облысында емделіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x