Уәлиханов ауданының мехбригадалары Ойқалада су тасқынының салдарын жойып жатыр. Қазір жұмысшылар Татьяна Макиенконың үйін жөндеп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Татьяна Макиенко Ойқалада 20 жыл тұрып келеді. Мехбригада оның үйінде қалпына келтіру жұмыстарын 11 маусымда бастапты. Осы уақыт ішінде жұмысшылар қабырғаларды, едендерді бөлшектеп, терезелерді ауыстырған, төбені ретке келтірген. Қала тұрғыны мамандардың жұмысына риза.

«Қазір жөндеу жұмыстары аяқталуда. Линолеумды екі бөлмеге төсеу қалды. Жөндеумен айналысқан жігіттер бәрін ұқыпты, жақсы жасады. Біз су келеді деп күткен жоқпыз. Сондықтан тұрмыстық техниканы жөндеуге, әкетуге көмектескендерге өте ризамыз. Уәлиханов ауданының мехбригадасына рахмет. Олар әрқашан байланыста»,- деді Петропавл тұрғыны Татьяна Макиенко.

5-ші Армия көшесінен Мамлют шоссесіне дейінгі үйлер Уәлиханов ауданының жедел штабының бақылауында. Барлығы 144 тұрғын үй бар. Оның ішінде 115 үй апатты деп танылды. Мехбригадалар 90 нысанды бұзып үлгерді. Төрт үй жөндеуде.

«Біз екі үйді бір күн бұрын тапсырып жатырмыз. Қалған екеуін біз бірінші тамызға дейін иелеріне тапсырамыз. Жұмыстың басында біз шағын ауданға тәжірибелі басшыларды жібердік. Себебі су тасқынынан кейін тұрғындарға психологиялық көмек қажет болды. Олар зардап шеккендерге мемлекет оларды қиындыққа қалдырмайтындығын айтып, көмек түрлері туралы айтыпәңгіме жүргізді. », — деді Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов.

Мехбригадалар толығымен мамандар мен техникамен жабдықталған. Жұмысшылар алты мың тоннадан астам қоқыс шығарды. Үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Тағы оқыңыз: Үш адам қаза тапты: СҚО-да жеңіл көлік трактордың тіркемесіне соғылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x