Петропавлда тасқыннан кейін зақым келген үйлерді қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жамбыл ауданынан келген механикалық бригада Былғары зауыты кентіндегі 109 үйге жауапты. Олар облыс орталығында 3 айдан бері табиғи апат зардабын жоюмен айналысып келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
40 там астам адам Жамбыл ауданынан келіп, Былғары зауыты кентінде жөндеу жұмыстарын істеп жатыр. Кенттегі 79 нысан жарамсыз деп танылып, бүгінде оның 63-і бұзылып қоқыс полигонына шығарылды. Оған 18 техника жұмылдырылды.

Жамбыл ауданының мехбригадасы Былғары зауыты кентіндегі 109 үйге жауапты

«Былғары зауыты кентіндегі жарамды 15 үйді біздің мехбригада қайта қалпына келтіріп жатыр. Соның 13-ін біз жөндеп бітірдік. Жалпы баспаналар 2 аптадай кептірілді. Кейіннен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар өзі қабылдап алды», — деді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрбек Сапаров.

Любовь Пегова Былғары зауыты кентінде 1968 жылдан тұрып келеді. Тасқын кезінде үйі су астында қалған. Қазір аудан жұмысшылары баспананы ретке келтірген.

Жамбыл ауданының мехбригадасы Былғары зауыты кентіндегі 109 үйге жауапты

«Сәуір айында үйіме су кірді. Әрине басында қиын болды. Үйім үшін қатты уайымдадым. Қазір барлығы жақсы. Жамбыл ауданынан келген механикалық бригада үйімді қалпына келтіруге көп көмегін тигізді. Барлығына алғысым шексіз. 1 айдың көлемінде үйім бұрынғы қалпына келді. Сондықтан мен ризамын», — деді қала тұрғыны Любовь Пегова.

Аудандардан келген механикалық бригадалар сонымен қатар өздері жауапты ықшам аудандарды қоқыстан да тазартып жатыр. Қазіргі уақытта Жамбыл ауданының мамандары Былғары зауыты кентінен 25 мың тонна қоқыс шығарған.

Тағы оқыңыз:Петропавлда «JUNIOR CUP» турнирі басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x