СҚО алдағы жылыту маусымына дайын ба?

Облыста күзгі-қысқы кезеңде бюджеттік мекемелерге 146 мың, ал тұрғындарға 399 мың тонна көмір қажет. Қазіргі уақытта облыстың көмір тұйықтарында 33617 тонна қор жиналған. Оның 5790 тоннасы Петропавл қаласында, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2023 жылдың аяғында облыстағы қатты отынның бір тоннасы орташа 15475 теңгеден сатылды. Мәселен, Шұбаркөл – 17100 теңге, Қаражара – 17 500 теңге, Майқұба – 14 800 теңге, Екібастұз көмірі — 12 500 теңге болған еді. Жауапты мамандардың сөзінше, қазір көмірдің тоннасының орташа бағасы 16450 теңгені құрайды. Шұбаркөлдің тоннасы – 18 800 теңге болса, Қаражара – 19 000 теңге, Майқұба – 15 500 теңге, Екібастұз 12 500 теңге.

«Бюджеттік мекемелерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін 146 мың тонна қара отын қажет. Жалпы, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарына көмір сатып алуға бюджеттен барлығы 1700 млн теңге бөлінді. Облыста 466 жергілікті және 24 орталық қазандық бар. Алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында қазір қазандықтарды дайындау, оларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», -деді облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев.

Қазір Петропавлдағы ЖЭО-дағы нөмір бірінші түтін мұржасына қалыптарды орнатуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын 2024 жылдың 15 қарашасына дейін аяқтау жоспарланған. Жалпы, «Севказэнерго» АҚ ЖЭО-2-ге жылыту маусымында орташа есеппен 2 млн тонна қатты отын мен 3654 тонна мазут қажет екен. Қазіргі уақытта кәсіпорынның қоймасында 83,2 мың тонна көмір мен 800 тонна мазут бар.

«2024 жылы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында орталық қазандықтың құрылысы, Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында екі блок-модульдік қазандық орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тимирязев ауданы Сулы ауылында блок-модульдік қазандықты орнату,Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында да екі блок-модульдік қазандық орнату және Ақжар ауданы Талшық ауылында жылу желілері салынып жатыр.Және Ғ.Мүсірепов атындағы Новоишим ауылында магистральдық жылумен жабдықтау тарату желілерінің құрылысы басталған болатын», — деп нақтылады Данияр Қуанышбаев

Тағы оқыңыз:Қазақстанда қылмыскерлерді қамайтын орын жоқ – түрмелер толық

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x