СҚО-да құрметті азаматтар қатары көбейді

Биыл Петропавл қаласының құрылғанына —  272 жыл.Қала күніне арналған мерекелік іс-шарада өңір басшысы бірқатар еңбегі сіңген ардагерлерге СҚО құрметті азаматы атағын табыстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Іс-шара барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов орталық алаңға жиналған тұрғындарды қала күнімен құттықтады. Концерттің ресми бөлімінде Ғауез Торсанұлы су тасқынымен күресте белсенділік танытқан  бірқатар солтүстікқазақстандықтарды марапаттады. Сонымен қатар, бұл күні облыстың  ардагерлері мен еңбек сіңірген қайраткерлеріне Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы берілді. Олардың қатарында – Қазақстанның саяси және қоғам қайраткері, еңбек ардагері Михаил Трошихин, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі Азамат Мағзұмов пен жоғары санатты дәрігер Анатолий Белоног бар.

СҚО-да  құрметті азаматтар қатары көбейді

«Біздің қаламыздың тарихы бай, мәдениеті мен сәулеті жарасқан шаһар. Облыс орталығының басты байлығы – оның адамдары. Биылғы су тасқыны кезінде қалалықтар қиындыққа мойымай, үлкен ерлік пен шыдамдылық танытқаны үшін алғысымды білдіремін. Мемлекет тарапынан қаламыздың көркейіп, гүлденуіне бар жағдай жасалуда. Облыс орталығы қарыштап дами берсін», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Бұл күні  «Саланг» әскери-патриоттық клубының негізін қалаушы және жетекшісі Александр Азегов, еңбек ардагері Қымбат Исманова мен мәдениет қайраткері Рауза Кашенова Петропавл қаласының құрметті азаматы атанды.

Тағы оқыңыз:Мекемеде жағымсыз иістер, ылғалдылық жоқ: СҚО-да тасқыннан кейін түрмеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x