СҚО-да полицейлер мен құтқарушылар рейдтерді күшейтті

Солтүстік Қазақстанда суға шомылу маусымы басталғалы бері су айдындарында 176 рейд жүргізілді. Оның нәтижесінде жағажайда спирттік ішімдік ішкендер де, қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандар да анықталды, деп жазады Qazaqstan Media.

Учаскелік полиция инспекторлары төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Есіл өзені мен Пестрое көлінің жағажайларында, сондай-ақ белгіленбеген шомылу орындарына рейдтер жүргізіп жатыр. Басты мақсат – жазатайым оқиғалардың алдын алу, қоғамдық орындарда мас күйде болу фактілерін анықтау, абаттандыру ережелерін бұзудың жолын кесу. Тексеріс көрсеткендей, суға шомылуға келгендердің басым бөлігі, ащы суды ала келеді екен. Тәртіп бұзушыларға ескерту және айыппұл салынуда.

«Шомылу маусымы басталғалы өңір аумағында орналасқан су қоймаларында 176 рейдтік іс-шара өткізілді. Жалпы су пайдалану ережелерін бұзудың 72 фактісі тіркелді. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда мас күйінде немесе алкогольдік ішімдік ішудің 24 дерегі анықталды», — деп хабарлады СҚО ПД  жергілікті полиция қызметі басқармасы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда сатылатын еттің сапасын QR код арқылы білуге болады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x