«Халық санағы алдындағы тексеріс»: СҚО-да алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып үй-үйді аралауда  

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тұрғындар мен қала қонақтарын алаяқтардан сақ болуға шақырады. Олар қаскөйлердің жаңа айласы туралы айтып, бейне үндеу жолдады, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстанда алаяқтар үйлерді аралап, өздерін тұрғындарға тәртіп сақшылары ретінде таныстырып жүр екен. Қолдарында ҚР Ішкі істер министрлігінің белгісі бар бланкілер, құжаттар бар. Олар өздерін құқық қорғау саласының қызметкерлері ретінде таныстырып, «халық санағы алдында тексеріс жүргізіп жатырмыз», деп тұрғындарды алдайды. Жеке куәлік сұратып, суретке түсірулері мүмкін. Оған қоса, оларда биометрия жасайтын жабдық, компьютер де бар екен.

«Облыс аумағында алаяқтар тобы жүр. Олар тұрғындардан барынша толық ақпарат алуға тырысады. Үйлерді тонап, ұрлық жасайды. Полиция қызметкерлері үйлерді аралап, тексеріс жүргізбейтіндігін ескертеді. Барынша сақ болыңыздар. Бөтен адамдарға жеке басыңыз туралы ақпарат бермеңіз. Бұл алаяқтардың айласы», — деді бейне үндеуде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Милена Балацкая.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі жасөспірімнің қалай суға батқаны белгілі болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x