Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында екі балаға іздеу жарияланған болатын. Алдын ала болжам бойынша олар Есіл өзеніне суға шомылуға кетіп, оралмаған, деп жазады Qazaqstan Media.
15 және 12 жастағы екі бала Бескөл ауылы маңынан өтетін Есіл өзенінің сағасына шомылуға кетіпті. Құтқарушылар оларды сол жерде өзен жағасынан іздеген.
«10 маусым күні сағат 14:40-та Бескөл ауылындағы Есіл өзенінің сағасынан құтқарушылар 2009 және 2012 жылы туған екі баланың денесін алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жасөспірімдердің денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді», — делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.
Тағы оқыңыз: Большая Малышка ауылындағы үйлер су тасқынынан кейін қалпына келтіріліп жатыр