«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға келеді

24-ші шілде күні Солтүстік Қазақстанға «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы келеді. Пойыз дәрігерлері алыс ауылдардың тұрғындарын қабылдап, медициналық көмек көрсетеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Медициналық пойыз дәрігерлері таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18:00-ге дейін пациенттерді қабылдайды. Олар тұрғындарға МӘМС аясында тегін қызмет көрсетпек.

«Пойыз заманауи құралдармен толық жабдықталған. Онда диагностика жасауға арналған барлық жабдықтар бар. Ауыл азаматтарын терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог тегін тексереді», -деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 24 шілде күні Ақсуат станциясына, кейін Қайранкөл станциясына келеді. 25 шілде — Пресногорьковское станциясы, 28 шілде — Тайынша станциясында қабылдайды. Ал 29 шілде — Чкалов станциясы мен 29 шілде — Дәуіт станциясында, соңғы 30 шілде  күні  Қызыл ту станциясында қызмет көрсетеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі 20 пайызға өсуі мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x