Петропавлда жаңа сорғы станциясы салынады

Петропавлда жаңа сорғы станциясы салынатын болады. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Биыл тасқын кезінде Петропавлдағы бірінші көтергіш сорғы станциясы істен шыққан болатын. Қазір нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған Kazminerals компаниясы қаржы бөліп, қондырғы  ауыстырылмақ. Мұнда атқарылып жатқан шаруамен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

Сондай-ақ сорғы станциясын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 3,5 шақырым жер асты кабель желісі тартылады. Оған жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Мұнымен қоса, станция айналасындағы бөгет те нығайтылмақ.

Биылғы су тасқыны қосымша су желісінің қажеттілігін көрсетті. Сондықтан Ойқала ауданында қосымша сорғы станциясы салынбақ, қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

«Биыл су тасқыны кезінде Петропавлда негізгі су құбыры істен шыққан болатын. Осындай жағдай қайталанбас үшін резервтік станция салынады. Сөйтіп, тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге жағдай жасалады», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: Екі бала көз жұмды: СҚО-да отбасы мүшелерінің неден уланғаны белгілі болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x