Солтүстік Қазақстан облысында бесінші шілде күні түске дейін айлық норманың жартысынан асатын жауын-шашын түсті. Синоптиктер оны жылы және суық ауа форонттарының тоғысуымен байланыстарады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Таңертең күннің көзі шыққанымен түске таман күн бұлттанып, нөсер жаңбыр болды. Кейбір жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнап, бұршақ та жауды. Синоптик мамандардың айтуынша, бұл жылы және суық ауа фронттарының тоғысуы және солтүстік циклонның әсері деп отыр. Түскі 12:00-де «Қызылжар» автоматты метеорологиялық станцияда жауын-шашын мөлшері 44,1 мм көрсетті. Бұл декадалық нормадан 1,9 есеге көп және айлық норманың 64 пайызын құрайды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда суға батып кеткен ер адамның денесі табылды