Петропавлда «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі аналар күнін атап өтті. Іс-шара барысында бірлестік мүшелері өз аналарына құрмет көрсетіп, су тасқынынан зардап шеккен екі отбасыға гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Түркияда аналар күні 1955 жылдан бері мамыр айының екінші жексенбісінде тойланады. Алайда, Петропавлдағы «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі бұл мерекені жаздың жайма шуақ күнінде атап өткенді жөн көреді екен. Сол себепті де, жыл сайын маусым айының соңында мерекелік концерт ұйымдастырып, өз аналарына құрмет көрсетеді.

Петропавлда аналар күні тойланды

«Түркияда балаларды кішкентай кезінен өз аналарын құрметтеп, оларға көмектесуді үйретеді. Себебі, ана әр адамның өміріндегі ең қымбат асыл жан. Бүгінгі іс-шарамызға Түркиядан арнайы қонағымызда келді. Онымен бүгін балалар сұхбаттасып, өздерін журналист ретінде сынап көрмек. Іс-шарамызда ата-аналармен де әңгімелесіп, Түркия еліне саяхаттаймыз. Яғни, келушілерді осы елдің мәдениетімен, әдет-ғұрпымен таныстырамыз», — деді «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Диляра Хасанова.

«Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі облыстық ҚХА-да 2007 жылы бірінші қараша күні құрылған. Бірлестіктің негізгі мақсаты — Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту. Іс-шара барысында тасқын судан зардап шеккен Мұсабаевтар отбасына гуманитарлық көмек берілді. Олар отбасымен 5 жылдан бері Былғары зауыты ауданында тұрған екен. Абырой болғанда, тасқын су тек сарайы мен моншасына және үйінің ауласына ғана кірген. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Петропавлда аналар күні тойланды

«Тасқын су кезінде өзіміз пәтер жалдап тұрдық. Барлық қайырымды өңір тұрғыны гуманитарлық көмек көрсетті. Үлкен рахмет айтамын. Қызым мен немерелерім бар», — деді Алла Мұсабаева.

Петропавлда аналар күні тойланды Петропавлда аналар күні тойланды

Іс-шара барысында келушілердің назарына көрме де ұсынылды.

Тағы оқыңыз:Жаңа оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x