СҚО-да жүк тасымалдау ережесін бұзған жүргізушілерге 9,4 млн айыппұл салынған

СҚО-да өткен алты айда көліктіктік бақылау инспекциясының қызметкерлері автомобиль көлігі саласында анықталған бұзушылық фактілері бойынша 475 әкімшілік іс қозғаған. Нәтижесінде, жүргізушілерге 49,64 млн теңгеге айыппұл салынған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Автомобиль жолдары желісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы автотасымалдаушылардың ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау және өткізу ережелерін сақтауын қатаң бақылайды. Өңірде жалпы үш жылжымалы пост бар. Жыл басынан бері 2095 автокөлік тексерілген. Олардың 1546-сы шетелдік болса, қалған 549-ы отандық автокөліктер. Облыстық әкімшілік полиция басқармасының мәліметі бойынша өңірде 7494 жүк көлігі тіркелген.

«2024 жылы тасымалдау ережесіне бағынбай жүгі рұқсат етілген көрсеткіштерден асып кеткен жөнелтушілерге қатысты 22 әкімшілік материал толтырылды. Ауыр және ірі габаритті жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын қадағалау қорытындысы бойынша жыл басынан бері тасымалдаушыларға қатысты 27 әкімшілік іс қозғалып, 9,4 млн теңге айыппұл салынды. Осындай ауыр жүк көліктерінің салдарынан жолдардың жағдайы нашарлап кетеді. Сол себепті де автокөліктерді, әсіресе шет елден келетін көліктерді қатаң бақылауымыз керек», – деді облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Абылай Қазыбаев.

Тағы оқыңыз:Петропавлда Есіл өзені маңындағы жағажайды тасқын су шайып кеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x