СҚО-да 1000-ға жуық ата-ана заң талаптарын бұзып, балаларын үшінші тұлғаларға тәрбиелеуге берген

СҚО прокурорлары «Бақытты және қауіпсіз балалық» жобасын өткізді. Нәтижесінде ата-аналардың балаларын заңмен анықталған тәртіптен тыс үшінші тұлғаларға беру фактілері анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мұндай 970 жағдай тіркелді. Яғни, заңды өкілдер Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексінің талаптарын бұза отырып, балаларды нотариалдық сенімхаттар бойынша үшінші тұлғаларға тәрбиелеуге берген. Ал  қорғаншылық және қамқоршылық функциялары тек уәкілетті мемлекеттік органдарға ғана беріледі. Нәтижесінде жоғарыда аталған нотариаттық сенімхаттарды беру тәжірибесі кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкелді.

«Қадағалау органының актілері бойынша нотариустар 55-тен астам сенімхаттың күшін жойды, уәкілетті орган заңды өкілдермен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 39 бала қайтадан ата-анасымен бірге тұра бастады, ал 14 адам қорғаншы болу мүмкіндігі туралы қорытынды алу үшін қорғаншылық және қамқоршылық органдарына өтініш берген», — деп көрсетілген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Қабылданған шаралар балаларды сенімхат бойынша берудің заңсыз тәжірибесін тоқтатуға мүмкіндік берді.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x