СҚО ауыз суымен ең аз қамтылған өңірлер қатарында

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ауыз сумен аз қамтылған өңірлерді атады. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы да бар, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің айтуынша, тоғыз өңірде сумен жабдықтау қызметтері  қолжетімді.

«Қалаларда ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі Абай облысында, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады», — деді Шарлапаев үкімет отырысында.

Ауылдарға келетін болсақ, елімізде 6256 елдімекеннің  5130-ы сумен қамтамасыз етілген. Министр қалған 1126 ауылды 2025 жылдың соңына дейін сумен қамтамасыз етуге уәде берді. Биылғы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 218 млрд теңге бөлініп отыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда былтыр асфальтталған көшелер қайтадан жөнделеді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x