«Аңсаған сәби»: СҚО-да 42 жастан асқан әйелдерге квота берілмейді

Соңғы үш жылда 194 солтүстікқазақстандық келіншек «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы бала сүйген. Олардың 25-і егіздерді дүниеге алып келді. Биыл өңірге 189 квота бөлінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2015 жылдан бері СҚО-да  1024 отбасы бедеулік бойынша есепте тұр. «Аңсаған сәби» президенттік бағдарламасы аясында бүгінгі күні олардың жартысынан көбі сәбилі болған. Бұл бағдарлама бойынша былтыр елімізде жеті мың квота бөлінсе, соның 189 — ы СҚО-ға берілген. Алайда, 2023 жылдан  бастап денсаулық сақтау министрлігінің 355 бұйрығы аясында бұл бағдарламаға тек 18-49 жас аралығындағы әйелдер қатыса алады. Ал өңірде 42 жасқа дейінгі әйелдер ғана квота ала алады.

«Себебі, СҚО әйелдердің қартаю индексі өте жоғары. Мәселен, Шымкентте бұл индекс тек 11 болса, Түркістанда 11,6 пайыз. Ал Петропавлда 56 пайыз. Бұл тым жоғары. Қартаю индексі дегеніміз мәселен 0-15 жас аралығындағы 100 балаға 56 кәрі адам келеді. Яғни, өңірде ересек әйелдер көп. Бала көтеру олардың денсаулығына әсер етуі мүмкін», — дейді репродуктолог-дәрігер Виктор Проценко.

Дәрігерлердің сөзінше, облыста 18-49 жас аралығындағы 123 мың әйел бар. Олардың 1500 денсаулығына байланысты бала көтеруге болмайды. Олар үнемі мамандардың бақылауында болуы қажет. Дегенмен, денсаулығына қарамастан 25 әйел бала сүюді қалап, жүкті болған. Олар Астана қаласындағы арнайы орталықта босанады.

Тағы оқыңыз:СҚО-да автогаз бағасы сегіз теңгеге қымбаттайды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x