Петропавлда бесінші қабаттан құлаған баланың жағдайы жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен шығарылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Еске сала кетейік, оқиға 7-ші маусым күні түс кезінде болған еді. Төрт жасар ер бала Береке ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 5-қабатынан құлап кеткен. Бүлдіршін бірден көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Ол жансақтау бөлімінде үш күн емделіп, бүгін жарақаттану бөліміне ауыстырылды.
«Науқасқа жабық біріктірілген жарақат, ми шайқалуы, жабық бас сүйегінің жарақаты деген диагноз қойылды. Баланың кеуде омыртқалары сынып, оң жақ өкпесі көгерген, оң жақ өкпесінде желдету функциясы бұзылған», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да суға шомылу маусымы басталды