Солтүстік Қазақстанда 1-ші маусымнан бастап суға шомылуға ресми түрде рұқсат берілді. Қазір мамандар  өзен-көлдерде тәулік бойы күзет ұйымдастырған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік  Қазақстанда 2000-нан астам су айдыны бар. Бірақ соның 60-да ғана суға шомылуға рұқсат етілген. Ал Петропавлда мұндай екі орын ғана бар. Ол Пестрое көлі мен Есіл өзені бойындағы қалалық жағажай. Қазіргі кезде бұл орындарда құтқарушылар тәулік бойы күзет етеді.

«Маусымның бірінен облыста ресми түрде шомылу науқаны ашылды. Ол отызыншы тамызға дейін жалғасады. Мамандар жазғы шомылу маусымына жіті дайындалды. Құрал-жабдықтардың барлығы тексерістен өтті. Қазір жағажайларда құтқарушылар күндіз-түні бақылау жүргізіп жатыр. Әзірге ешбір қайғылы оқиға тіркелген жоқ», — дейді азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ризабек Темірбеков.

Былтыр облыста бес адам суға кеткен. Оның біреуі -бала. Осыған байланысты биыл мамандар алдын алу шараларын күшейткен. Арнайы бейнероликтер жасап, ата-аналар чаттарында таратқан. Мектептерде сынып сағаттарын өткізіпті.

СҚО-да суға шомылу маусымы басталды

«Қазір жазғы демалыста жағажайда демалушылардың қатары көбейеді. Ауа райы құбылмалы болып тұрса да, суға шомылатындар бар. Кейбірі рұқсат етілмеген жерлерде шомылып жатады. Ол жерде құтқарушылар кезекшілік етпейді. Сондықтан рұқсат етліген аймақта ғана шомылған жөн. Әйтпеген жағдайда, ҚР Әкімшілік кодексінің 412 бабы бойынша жауапкершілікке тартамыз», — деді Ризабек Темірбеков.

Ал бұл бап бойынша «Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамауға» қатысты айыппұл салынады.

«Қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына жауапты тұлғаның оларды бұзуы немесе орындамауы: жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады»,- деп жазылған Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңда.

Ал туристік демалыс орындарында қауіпсіздікке сол демалыс орнының басшылығы жауапты. Оларда өздерінің құтқарушы мамандары, алғашқы медициналық көмек көрсететін орындары мен жабдықтары болуы шарт. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тек судың тереңдігін, жағажайдың жабдықталуын тексереді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қоғам белсендісі Бурахан Дақановтың үйі өртеніп кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x