Есіл ауданында жарияланған төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Екі ай бұрын Есіл ауданында жарияланаған төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бұл туралы  Ашық НҚА сайтында жарияланған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Көктемгі су тасқынына  байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай 9-шы сәуір күні жарияланған болатын. Енді міне, екі айдан соң бұл шешім күшін жойды.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданының әкімі шешім қабылдады:

  1. Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 3 «Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы»шешімінің күші жойылды деп танылсын

  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — деп жазылған аудан әкімі Мереке Мұхамедьяровтың шешімі қабылданған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай Тайынша, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласында да жарияланған болатын. Әзірге ол шешімдер күшін жойған жоқ.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда құтырма ауруы анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x