Петропавлда апатты деп танылған үйлер сүріліп жатыр

Петропавлда су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған тұрғындардың кейбірі жаңа пәтерлерге көшіп үлгерді. Ал олардың апатты деп танылған үйлері сүріле бастады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы Ойқала ауданында қазір үш ауданның мехникалық бригадалары жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі — Ғ. Мүсірепов ауданының жұмысшылары. Олар облыс орталығына тасқын салдарын жою үшін  сәуірдің төрті келіпті. Содан бері табиғи апаттың салдарымен күресіп жүр. Оларға бекіткен аумақта 198 жеке тұрғын үй бар. Соның 137-сі апатты деп танылған. Ал тұруға жарамды баспаналарды мехникалық бригаданың мамандары жөндеуге кіріскен.

«Бізге бекіткен аумақта жеке үйлерден басқа заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттар мен әлеуметтік нысандар да бар. Бірақ біз жеке сектормен ғана жұмыс істеп жатырмыз. Бізге қарасты аумақтағы 198 үйдің 137-сі апатты деп танылды. Қазір тоғыз баспанада жөндеу жұмыстарын бастадық. Тұрғындардың барлығы түсіністікпен қарайды. Барлық жұмысты бақылап, өздері де көмектесіп жүр», — деді Ғ. Мүсірепов ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Аманжолов.

Жөндеуге жарамды үйлердің барлығы бағалаудан өткен. Олар 3 млн  теңгеден бастап 13 млн теңгеге дейін жетеді. Мәселен, Калюжная көшесі 24-ші үйді қалыпқа келтіру  жұмыстарына  4 млн теңге керек деп қағаз беріліпті.

«Бұл баспананың еденіне жаңа тақтай салдық. Су келгенге дейін ламинат болған екен. Соны төсейтін боламыз. Жарамсыз болып қалған терезелерін толық ауысытырамыз. Есіктерін де жаңалаймыз. Сылағы түскен қабырғаларын қалыпқа келтіріп, барлығын дұрыстаймыз. Бізде мехбригадада 35 адам бар. 8 техника жұмыс істеп жатыр. Оған қоса үйлерді сүруге, қоқыстарды жинауға қосымша тағы алты жұмысшы тартылған», — деді Ерлан Аманжолов.

Сонымен қатар ауданнан келген жұмысшылар апатты деп танылған үйлерді сүріп бастапты. 2-ші маусым күні бір үйді бұзса, жоспарда тағы бір үй тұр. Ол баспаналардың бұрынғы иелері әкімдік тарапынан жаңа пәтердің кілтін алыпты. Ескі үйлерін сүріп тастауға рұқсаттарын берген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлер маусымның 5-і беріле бастайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x