СҚО-да ірімшік цехы мен көкөніс қоймасы салынып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында жылына 450 тонна ірімшік өнімдерін шығаратын цех салынып жатыр. Оны Saumalkol Sut ЖШС Айыртау ауданында іске қоспақ. Бұл жайында облыс әкімінің ауданға барған жұмыс сапары кезінде белгілі болды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Айыртау ауданында тағы бір ауыл шаруашылық нысаны тұрғызылып жатыр. Ол – 10 мың тонналық көкөніс қоймасы. Болашақта оның қуаттылығын 35 мың тоннаға жеткізу жоспарда бар. Жобаны «Агро Елецкое» ЖШС жүзеге асыруда. Сонымен қатар, серіктестік 400 гектарда тамшылатып суару жобасын жүзеге асырып, оның аумағын 1 мың га жеткізбек.  Шаруашылық заманауи технологияларды енгізіп,  нақты уақыт режимінде топырақ параметрлерін көрсететін цифрлық анализатор қолданады.

Аудандағы құрылыспен танысқан облыс әкімі тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ауданда сумен қамту мәселесі де шешілуде. Шалқар мен Антоновка ауылдарында локалды су жүйесі мен тарату желілері салынуда. Антоновкада 437 үй су желісіне қосылмақ.

Ғауез Нұрмұханбетов тарихи мекен – Айғаным қонысында болып, туризм саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Мемлекет Имантау-Шалқар курорттық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, инвесторлар үшін тартымды жағдай жасауда. Жыл бойы жұмыс істейтін экоқонақ үйлерді, глэмпингтер мен автокараванингті дамыту үшін курорттық аймақтағы инвесторларға 19 жер учаскесі берілген. Бұл курорттық аймаққа туристер ағынын екі есеге өсіруге мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жүк көлігі мен пойыз соқтығысты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x