Петропавлда жүк көлігі мен пойыз соқтығысты

Петропавлда Foton маркалі жүк көлігі мен жүк пойызы соқтығысып қалды. Салдарынан екі адам зардап шеккен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Апат Жұмысшы кенті жақтағы айналма жол бойындағы теміржол өткелінде болған. Салдарынан  жүк көлігінің жүргізуші мен жолаушысы зардап шекті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 жастағы Foton көлігінің жүргізушісін жедел жәрдем мамандары оқиға болған жерде тексеріп, бірден босатқан. Ал 46 жастағы жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

«Зардап шеккен адамға жарақаттану пунктінде медициналық көмек көрсетілді. Емін амбулаторлық түрде жалғастыратын болады», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тротуарлар мен аялдаманы орнату кезінде 30 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x