СҚО-да эпедмиологиялық жағдай тұрақты – ҚР штаттан тыс бас балалар инфекционисті

Солтүстік Қазақстанға ҚР штаттан тыс бас балалар инфекционисті, профессор Динагүл Баешева келіп, өңір дәрігерлеріне семинар өткізді. Басты мақсат –  балалар арасындағы инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау. Себебі, қазір елімізде қызылша мен көкжөтел ауруын жұқтырғандар саны артып келеді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында инфекциялық аурулардың таралуы өзге өңірлермен салыстырғанда төмен. Бірақ, сақтықта қорлық жоқ дейді өңір дәрігерлерімен кездескен еліміздің штаттан тыс бас балалар инфекционисті, профессор Динагүл Баешева. Әсіресе, су тасқынынан кейінгі жағдайды жіті бақылауда ұстау керек.

«Біз инфекционист дәрігерлер су тасқынынан кейінгі жағдайға алаңдаулымыз. Себебі, лас судан А гепатиті өршуі мүмкін. Одан қалды жазда өткір ішек инфекциясы бас көтереді. Сондықтан сақтық шараларын ұмытпау қажет. Солтүстікте эпедемиологиялық жағдай тұрақты. Мұнда мамандар өз жұмыстарын жақсы атқарып жатыр. Содан болар, республикалық көрсеткішке қарағанда жағдай біршама жақсы», — деді Динагүл Баешева.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Аймановтың айтуынша, балалар арасындағы жұқпалы ауруларға қарсы екпе жеткілікті мөлшерде бар. Қазір вакцина қойлуы тиіс балалардың  95 пайызы екпе алған. Жалпы облыстағы балалар жұқпалы ауруханасы барлық жағдайға әзір.

«Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 85 жатын орын бар. Онда қазір 9 дәрігер жұмыс істеп жүр. Айына мамандар 400-ден астам баланы түрлі жұқпалы инфекциялық аурулардан емдеп шығарады. Күніне 70-ке жуық бала қабылдау бөліміне келеді. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетіледі, тексеріледі. Ол үшін бізде барлық құрал-жабдықтар бар. Талдаулардың барлығын жүргіземіз», — деп нақтылады Нұрлан Айманов.

Мамандар менингококкты инфекциядан да сақ болуға шақырады. Себебі, бұл ауру да балалар арасында жиі кездеседі екен. Әрі аталмыш ауру 5-6 жылдан кейін қайта өршіп отыратын көрінеді. Маман қазіргі көкжөтел мен қызылшаның таралуын  коронавирустық инфекцияның салдары деп отыр. Себебі, пандемия кезінде екпе жұмыстары толық жүргізілген жоқ. Оған қоса, ата-аналардың көбі екпе алудан бас тартып жатады. Динагүл Баешева еліміздегі вакциналардың сапасы жақсы, алаңдауға негіз жоқ деп атап өтті. Соңғы мәлімет бойынша Петропавлда 28 бала көкжөтел жұқтырған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да кепілдік мерзімі былтыр ғана өтіп кеткен жол қайта жөнделмек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x