Петропавлда су тарифі төмендетілді

Петропавлды сумен қамтып отырған «Қызылжар су» ЖШС тарифтері төмендетілді. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті «Қызылжар су» ЖШС магистральдық құбырлар мен тарату желілері арқылы су беру және ағынды суды бұру мен тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2022 жылға арналған бекітілген тарифтік сметаларының орындалуы бойынша талдау жүргізген. Нәтижесінде, кәсіпорынның негiзсiз кіріс алып келгені белгілі болды. Оның сомасы — 11 738 012,16 теңгені (ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып) құрады.

Осыған байланысты департамент уақытша тарифті бекіткен.

«Департаменттің 2024 жылғы 24 мамырдағы № 62-НҚ және № 63-НҚ бұйрықтарымен «Қызылжар су» ЖШС үшін 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін уақытша тариф бекітілді. Бұрын тұтынушылар судың 1 м3 үшін 185, 87 теңге төлеп келсе, енді 185,01 теңге (ҚҚС есебінсіз) төлейтін болады. Яғни, баға 0,86 % төмендеген», — деп көрсетілген департамент ұсынған ақпаратта.  

Оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:

I топ – халық тобына жататын жеке тұлғалар, бау-бақша қоғамдары арқылы суды пайдаланатын тұлғалар — 1 м3 үшін 84,224 теңге (ҚҚС есебінсіз);

II топ – бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар – 1 м3 үшін 1157,147 теңге (ҚҚС есебінсіз);

III топ – заңды тұлғалар, өзге де тұтынушылар – 1 м3 үшін 392,480 теңге (ҚҚС есебінсіз);

Ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейін 1 м3 үшін 183,41 теңге (ҚҚС есебінсіз) тариф бекітілді.

Тұтынушылар топтары бойынша:

I топ – халық тобына жататын жеке тұлғалар, бау-бақша қоғамдары арқылы суды пайдаланатын тұлғалар — 1 м3 үшін 87,593 теңге (ҚҚС есебінсіз);

II топ – бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар – 1 м3 үшін 1203,433 теңге (ҚҚС есебінсіз);

III топ – заңды тұлғалар, өзге де тұтынушылар – 1 м3 үшін 408,180 теңге (ҚҚС есебінсіз).

«Ағынды суларды бұру және тазарту жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін тариф 1 м3 үшін 171,38 теңгені (ҚҚС есебінсіз) құрайды. Оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша саралануымен:

I топ – халық тобына жататын жеке тұлғалар, бау-бақша қоғамдары арқылы суды пайдаланатын тұлғалар — 1 м3 үшін 78,046 теңге (ҚҚС есебінсіз);

II топ – бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар – 1 м3 үшін 1147,709 теңге (ҚҚС есебінсіз);

III топ – заңды тұлғалар, өзге де тұтынушылар – 1 м3 үшін 346,924 теңге (ҚҚС есебінсіз);

2025 жылғы 1 қантардан бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейін 1 м3 үшін 177,63 теңге (ҚҚС есебінсіз) мөлшерінде уақытша тариф бекітілді. Оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша саралануымен:

I топ – халық тобына жататын жеке тұлғалар, бау-бақша қоғамдары арқылы суды пайдаланатын тұлғалар — 1 м3 үшін 81,558 теңге (ҚҚС есебінсіз);

II топ – бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар – 1 м3 үшін 1209,685 теңге (ҚҚС есебінсіз);

III топ – заңды тұлғалар, өзге де тұтынушылар – 1 м3 үшін (ҚҚС есебінсіз) 365,658 теңге», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 маусымнан бастап магистратураға түсетіндерді тіркеу басталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x