Солтүстік Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары қызған. Бүгінде диқандар ауыл шаруашылығы дақылдарын 2,3 млн. га жерге сеуіп үлгерген. Бұл — 53,4%. Оның ішінде-1,6 млн. га дәнді дақылдар және 468 мың га майлы дақылдар, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Биыл диқандар 4,5 млн. га жерге дәні егіп жатыр. Оның 3,4 млн. гектары дәнді, 751 мың гектары майлы дақылдарға арналған. Жемшөп-379 мың га, картоп-26 мың га, көкөністер-5,0 мың га алқапөа егілмек.
«2024 жылғы егіске 484,5 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар тұқымы себілді. Осы жылы сортты жаңарту көрсеткішін 10% — ға дейін жеткізу жоспарлануда. Ылғалды жабу 4,5 млн. га алқапта аяқталды. 937,7 мың га жердегі топыраққа 69,2 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді. Барлығы 3 млн. гектарға 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарлануда»,-деп хабарлайды СҚО ауылшаруашылық басқармасының баспасөз қызметі.
Дала жұмыстарына 12,7 мың трактор, 14 мың дән сепкіш, 1,5 мың заманауи өнімділігі жоғары егіс кешені тартылды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау 2024 жылға 60,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға – 20,4 млрд. теңге қарастырылған.
Тағы оқыңыз: Петропавлда тасқын судан зардап шеккендер Солнечный – 2 ауданынан үй алуға ниетті