Петропавлда тасқын судан зардап шеккендер Солнечный – 2 ауданынан үй алуға ниетті

Тасқын судан кейін үйлері тұруға жарамсыз болып қалған петропавлдықтар тұрғын үй комиссиясының қабылдауында болды. Баспана мәселесін көтерген азаматтардың қатары көп. Бірінің  үйлері су тасқынынан кейін апатты деп танылса, енді бірі техникалық бақылаудың шешімін күтіп жүр. Баспаналары апатты деп танылған тұрғындардың кейбірі Солнечный – 2 ауданында салынып жатқан үйлерді таңдаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ринат Хакимзянов қалалық әкімдік жанынан құрылған комиссияға арнайы келген. Себебі, 55 жыл бойы тұрған баспанасы тасқын судан кейін апатты деп танылып, жаңа үй қарастырған. Отбасы мүшелерімен ақылдаса келе, олардың таңдауы Солнечный – 2 ауданындағы жаңа салынып жатқан үйлерге түскен. Отағасының айтуынша ол құрылыс басында болып, баспаналарды өз көзімен көріп қайтқан.

 

 

«Бүгін комиссияға келіп, Солнечный – 2 ауданынан жер үй аламын деп өтініш жаздым. Салынып жатқан баспаналар жаман емес. Бөлмелері де жақсы. 10 сотық жері бар. Үйдің маңына бақша егуге болады. Бастысы көшіп алсақ болды, ауланы кейін абаттандырып аламыз ғой», — дейді қала тұрғыны.

Александр Уминов болса, барлық бақылау қортыныдысын алған. Ойқаладағы үйінде бір айдан артық су тұр. Мамандар бірден оны апатты деп таныпты. Енді ол жұбайы екеуі үй таңдаулары керек. Сондықтан комиссия мүшелеріне өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Әсіресе, Солнечный – 2 ауданындағы жер үйлерге қатысты сұрақтарына жауап алды. Себебі, көпқабатты пәтерден де, жеке үйде тұрған ұнайды, дейді Александр.

«Мен бала кезімнен жер үйде тұрып келдім. Сондықтан жеке баспана алуға ниеттімін. Солнечный – 2 ауданындағы үйлердің құрылысын көрдім. Баспана көлемі 80 шаршы метр. Өзімнің бұрынғы үйім — 65 шаршы метр болатын. Жаңа үйлер жылдам салынып жатыр. Бірақ құрылыс материалдары жақсы. Мен өзім құрылысшымын. Сондықтан мұндай материалдардан салынған баспана жылы болу керек деп ойлаймын. Комиссия мүшелері барлық сұрақтарға нақты жауап берді. Таңдау өзімізде», — деді Александр Уминов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сібір жарасы және мал қорымдарының тиісті деңгейде ұсталмай келгендігі анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x