Солтүстік Қазақстанда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, бір отбасының бес мүшесі ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі бала, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жол апаты «Челябі-Новосібір» тасжолының бойында болған. Мамлют ауданы Покровка елді мекенінің маңында LADA Vesta мен Hyundai Mighty жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің ішінде отырған бір отбасының бес мүшесі ауруханаға жеткізілді.
«LADA Vesta көлігінің ішінде 25 жастағы әйел мен 2015-2023 жылы туған үш бала болды. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаға қатысты материал жиналуда», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 43 жастағы жеңіл көлік пен 35 жастағы Hyundai Mighty жүк көлігінің жүргізушісі тексерілді. Сараптама қорытындысы екеуінің де мас емес екендігін көрсеткен.
Тағы оқыңыз: «Таза Қазақстан» акциясы: Тайыншалықтар тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмектесті