Петропавлда жеке тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 95 жастағы қария зардап шекті. Оның денесінің 35-40 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өрт 22-ші мамыр күні сағат 11.30-да жер үйден шыққан. Құртқарушылар келіп жеткенше газ баллоны жарылып, от барлық баспананы шарпып үлгерген. Салдарынан 1929 жылы туған қария ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 35-40 пайызын күйік шалған. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Ал тілсіз жауды ауыздықтауға 22 маман мен 5 арнайы техника жұмылдырылған.
Тағы оқыңыз: Сөгіс жарияланды: Петропавлда оқушысы ер адамды пышақтап кеткен мектеп директоры жазаланды