Биылғы тасқын су энергетиктерге 2,5 млрд теңге шығын әкелді. Ең көп магистраль желілілері зақымданған. Шыған — 2,1 мрд теңгені құрады. Қазіргі кезде мамандар тасқын салдарымен күресіп жатыр. Сонымен қатар болашақта бағандар мен желілерге зақым келмес үшін маңына ағаш егуді жоспарлап отыр, деп жазды Qazaqstan Media тілшісі.
Көктемгі су тасқыны кезінде облыста 400-ден астап электр бағаны құлады. Олардың көбіне алып мұздар соғылып, қиратқан. Энергетиктер үшін су тасқынынан келген жалпы шығын 2,5 млрд теңгені құрапты. Бүгінде 480 млн теңгеге электр қуатын қайта қосу жұмысы атқарылған. Қазір басқа олқылықтарды жою үшін сатып алулар жүргізіліп жатыр. Мамандар жөндеу жұмыстарын шілденің бірінен бастап, қазанның 15-не дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Облыстық әкімдікте өткен жиында осылай деп баяндаған «Севказэнерго» АҚ бас директоры Анатолий Казановскийге, өңір басшысы Ғауез Нұрмұханбетов биылғы тасқыннан «сабақ алу керек» деп ескертті.
«Сіздер болашақта осындай қатты тасқын кезінде электр желілеріне зақым келмес үшін не істемексіздер? Мысалы, бірінші сорғы станциясын алайық. Оны электр қуатымен жабдықтап тұрған бағандарға мұздар соғылып, құлады. Қосымша қуаттағыш құралдар да, мұз жарғыштар да көмектеспеді. Барлығы бір күннің ішінде істен шықты. Болашақта осындай жағдай қайталанбас үшін қандай шара қолданасыздар?», — деп сұрады облыс әкімі.
Анатолий Казановскийдің айтуынша, қазір компания жобалау институтымен жұмыс жасап жатыр. Олар Есіл өзені жағалауында тұрған желілерді зерттеп жатқан көрінеді.
«Қазір желілер Есіл өзені жағасынан 70-100 метр қашықта орналасқан. Егер біз бағандарды 110 кВт-тық темір бағандарға ауыстырсақ, онда өзенмен арадағы қашықтық 200 метрге дейін ұлғаяды. Бұл Сергеевка қаласынан бастап Бескөлге дейінгі аралықты алып отырмыз. Сонымен қатар электр желісін қорғау аймағында қосымша тал егуді қарастырмақпыз. Бұл шаруаны келесі жылы бастаймыз. Себебі, су тасқыны кезінде ағаш ішінде, бауырында орналасқан бағандарға зақым аз келді. Бір-екеуі құлағанмен біз оны тез іске қостық. Сондықтан ағаш егу туралы шешімді қарастырып отырмыз», -деді «Севказэнерго»АҚ бас директоры.
Биыл көктемгі тасқын кезінде «Қызылжар су» ЖШС-нің бірінші сорғы станциясы су астында қалып, облыс орталығы бірнеше күн ауыз суыз қалған болатын. Бұл жағдай бірнеше проблеманың бетін ашты. Алдымен ол 272 жылдық тарихы бар Петропавл қаласында қосымша су қорының жоқтығын көрсетті.
«Қызылжар су» АҚ желісі тозған. Сондықтан қазір шұғыл түрде бірінші су сорғы станциясын жөндеуіміз қажет. Сосын қосымша су жинайтын орын жоқ. Қазіргі кезде су жинайтын орындар аудандарда бар, ал бізде облыс орталығында жоқ. Одан қалды, биотоған апаттық жағдайда. Оны да реттеу керек. Тоқсан би көшесінде желіні жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет. Бірінші кезекте атқарылатын жұмыстардың кестесін жасап, өтініштерді жазу керек», — деді өңір басшысы облыстық әкімдіктегі жиында.
Тағы оқыңыз: «ЗИКСТО» АҚ су тасқынынан зардап шеккендерге жиһаз сатып алып бермек