«ЗИКСТО» АҚ су тасқынынан зардап шеккендерге жиһаз сатып алып бермек

СҚО-да су тасқыны кезінде зардап шеккен баспаналарға жиһаздар сатып алынады. Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев пен «ЗИКСТО» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Айдос Бекмағамбетов меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл жұмыстарды іске асыру үшін акционерлік қоғам 700 млн теңге қаржы бөлді. Зардап шеккен отбасыларға тоңазытқыш, газ плитасы, кір жуғыш машина мен төсек және ас үй үстелі сатып алынады. Қазіргі таңда жұмыс тобы құрылған, енді қалалық әкімдік зардап шеккен отбасылардың тізімін береді. Ал жергілікті компания аталмыш жабдықтарды сатып алуға дайын екендерін жеткізді. 

«ЗИКСТО» акционерлік қоғамы қалада болған қайғылы оқиғаларға жанашырлық танытып, бей-жай қарамауды шешті. Тасқыннан зардап шеккендерге қаражат бөлу туралы шешім қабылдадық. Меморандумға қол қойылды, біздің тараптан барлық қажетті қаражат беріледі», — деді «ЗИКСТО» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Айдос Бекмағамбет.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Есілдің жиегіне құрылыс жүргізу ережесін өзгерту  бойынша ұсыныс хатты сенатқа жолдады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x