Большая Малышка ауылындағы 30-ға жуық үй тұруға жарамсыз деп танылды

Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылы су тасқынын қатты зардап шеккен елді мекендердің бірі. Мұнда 321 үй су астында қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Большая Малышка ауылында жалпы 888 адам тұрады. Олардың көбі тасқын судан кейін үйсіз қалды. Қазір ауылда көкшетаулық және павлодарлық мамандар үйлерге техникалық бағалау жүргізіп жатыр.

Большая Малышка ауылындағы 30-ға жуық үй тұруға жарамсыз деп танылды

«Үйлерге техникалық бағалау жүргізіп, суретке түсіріп аламыз. Тасқын су баспанаға қаншалықты зақым келтіргенін жазып, арнайы қорытынды дайындайтын боламыз. Үй тұруға қаншалықты жарамыды, жарамсыз екенін анықтаймыз. Біздің серіктестік акредиттеуден өткен. Жалпы 60 үйге жауаптымыз. Қазір 25 үйге тексеріс жүргіздік», — деді «Данар эксперт» ЖШС басшысы Гүлшан Оспанова.

Судан зардап шеккен ауыл тұрғындарының бірі – Иван Мысловский. Қазір оның үйі кептіріліп жатыр. Ол былтыр ғана баспанасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген.

«Үйімнің жол жақ беттегі бөлмелеріне су қатты кірді. Ал асүй мен кіреберіс онша қатты зақымданған жоқ. Отбасым қазір басқа жақта. Жертөлемде әлі де су тұр. Қазір үйге пеш жағып, суды кептіріп, желдетіп жатырмын», — дейді ауыл тұрғыны Иван Мысловский.

Большая Малышка ауылындағы 30-ға жуық үй тұруға жарамсыз деп танылдыБольшая Малышка ауылындағы үйлерді техникалық бағалау жұмыстары бүгін кешке толығымен аяқталатын болады. Айта кетейік, жалпы Қызылжар ауданында тасқын су салдарынан 1546 үй зардап шекті. Қазіргі уақытта бұл баспаналардың 80%-ына техникалық бағалау жүргізілген.

Тағы оқыңыз:СҚО полицейлері бір тоннадан астам контрафактілік алкогольді тәркіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x