Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабарлады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 50 тонна тұқым су астында қалған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Kazinform агенттігіне сілетеме жасап.
Ведомство Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 170 тоннаға жуық (Ақтөбе облысы – 80 тонна, Қостанай облысы – 40 тонна, Солтүстік Қазақстан облысы – 50 тонна) тұқым су астында қалғанын хабарлады.
«Жалпы алғанда, облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтері бойынша егін алқаптарын су басу қаупінің басқа деректері тіркелген жоқ. Егін егу науқаны басталған кезде ылғалдылығы тым жоғары алқаптар болса, онда тыңайған алқаптарға дән себу арқылы егіс алқабы кеңейтіледі», — делінген ведомство ұсынған ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Кейбір науқастарды медбикелер өздірі қабылдайтын болады