Петропавлда тасқын судан зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарын облыс әкімі Рустем Құрманов аралады. Ол Ойқала ауданында ісі тоқтап тұрған бизнес өкілдерімен кездесіп, шешілуі тиіс мәселелерді нақтылады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ойқаладағы Потанин көшесі бойында орналасқан «Сириус» дүкені тасқын суға дейін клиенті көп, сұранысқа ие сауда орны болған. Табиғи апаттан кейін дүкен иесі, өз адамдарын жоғалтып алудан қорқады. Себебі, судың тартылғанына үш апта болса да, бағалау комиссиясы әлі келмеген.

«Су кеткесін, біз дүкеннің ішін өзіміз жинастырып қойдық. Тоңазытқыш, сөрелердің бәрі суда қалқып жүрді. Мынаның ішінің астан-кестені шығып жатты. Құм, балшық кірген. Тезерелер сынған, жақтаулары су тиіп ісінген. Одан қалды шыны сөрелер де сыныпты. Өзіміз жөндеу бригадасын шақырып көргенбіз, олар жөндеуге 10-15 млн теңге керек деді. Біз енді бағалау комиссиясын күтіп отырмыз. Жұмысты неден бастарымызды да білмейміз», — деді облыс әкімінің орынбасарына дүкен иесі Марина Мусина.

Рүстем Құрманов бизнес өкіліне, саудасын тоқтатпас үшін және клиенттерін жоғалтып алмас үшін бағалау комиссиясынан кейін жөндеу жұмыстарын өз күшімен бастауға кеңес берді. Себебі, шығынды өтеу үшін төленетін ақша кешігіп келуі ықтимал.
Дәл осындай жағдайға «Великанов» кондитерлік цехының иелері де ұшыраған. Олардың да ғимаратын су басқан.

«Біз 2008 жылы ашылдық. Су кеткесін-ақ, бірден цехқа келіп, қоқыстарды шығарып, тазалай бастадық. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Шикізат, ұн, шоколад, жиһаздың бәрі су астында қалды. Басшылықтың айтуынша шикізатқа кеткен шығынның өзі 7,5 млн теңгені құрайды», — дейді цех директорының орынбасары Марина Серябриникова.

Мүлікті бағалаушы, шығынды шамамен бес млн теңгеге есептеген. Енді бизнесмен техникалық тексерістің анықтама қағазын күтіп отыр. Одан кейін ауласын жөнге келтіру керек. Тәттілерді шығаратын цехты іске қосу оңай емес. Себебі, тамақ өндірісіне қатысты болғандықтан нысан ішінде бөгде иіс, ылғал болмауы шарт.

Тағы оқыңыз: Облыс әкімі Sensitive би ансамбілін кезекті жеңісімен құттықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x