СҚО-да су тасқыны кезінде өлген мал үшін өтемақы төлене бастады

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезінде қырылған мал үшін өтемақы төлеуге өтініштер қабылданып жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Қызылжар ауданында 27 бас өлген, деп жазады Qazaqstan Media.

Тасқын су кезінде Қызылжар ауданында екі бас ірі қара, жеті ұсақ мал, екі жылқы, 16 шошқа өліпті. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі қырылған үй жануарларына келтірілген шығынды өтеуге өтініштерді қабылдап жатыр.

«Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығынды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру  базасында тіркелген жануарлардың үш басы үшін бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 510 мың теңге төлеуді мақұлдады. Қаражат толығымен төленді. Сонымен қатар, бюджеттен тыс қаражат есебінен «Асар» қоры арқылы 24 бас үшін толық төлем жасалды, — деп нақтылады СҚО ауыл шаруашылық басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Қазақ тілін білмейтіндер Қазақстан азаматтығын ала алмайды – заң

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x