Қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы үйге интернет қоса алады

Қазақстандар eGov Mobile мобильді қосымшасының көмегімен үй интернетін қосу мүмкіндігіне ие болмақ.  Жаңа сервис жайлы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл инновациялық сервис «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесе әзірленді. Азаматтар eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы интернетті қосуға оңай өтініш бере алады. Өтініш операторларға автоматты түрде жіберіледі, сонымен қатар қажетті желілік инфрақұрылымның болуын тексеруді қамтиды.

«Қазіргі уақытта сервиске «Қазақтелеком» АҚ байланыс операторы қосылған. Және жақын арада қазақстандықтарға тарифтердің барынша кең таңдауын қамтамасыз ету үшін басқа операторлар да қосылады», — делінген хабарламада.

Өтініш бергеннен кейін өтініш нөмірі мен мәртені бақылау сілтемесі бар SMS жолданады.

Егер үйіңізде оптикалық желілер болмаса, оператор мамандары балама қосылым опцияларын ұсыну үшін бір сағат ішінде хабарласады.

Интернетті қосу процесі әр азамат үшін барынша ыңғайлы және қарапайым болады. Сұрақтар туындаған жағдайда оператордың байланыс орталығына хабарласу қажет.

Тағы оқыңыз:СҚО тұрғыны жарамсыз болып қалған үй үшін несие төлеуге мәжбүр

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x